Ирандағы тікұшақ апатынан ешкім аман қалмады

310

Ирандық құтқарушылар президент Ибрагим Раиси мен сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян ұшқан тікұшақ апатынан ешкім аман қалмағанын хабарлайды. 

Ирандағы тікұшақ апатынан ешкім аман қалмады Фото: BBC

Раиси мен тікұшақта болған барлық адамдардың өлімін, атап айтқанда, Иранның Mehr агенттігі мее Reuters агенттігімен тілдескен аты аталмаған ирандық шенеунік растаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Бұған дейін Иран Қызыл Жарты айының басшысы Пирхосейн Коливанд мемлекеттік теледидарда құтқарушылар апат болған жерде тірі жанның табылмағанын жеткізді.

Тікұшақ жолаушылары Иран президенті Ибрагим Раиси, Сыртқы істер министрі Хосейн Амир Абдоллахиян, иранның шығыс Әзербайжан провинциясының губернаторы Малик Рахмети және Тебриз провинциясының аятолла Али Хашим болды.

Тікұшақ жексенбіде Иранның солтүстік-батысындағы, Әзербайжан мен Түркия шекарасына жақын тауларда апатқа ұшырады. Көп ұзамай The Atlantic авторы Араш Азизи 20 мамырға қараған түні Иран президенті Ибрагим Раисидің қайтыс болғанын хабарлады, бірақ ол кезде Иран басшысының өлімі ресми расталған жоқ еді. Ақыры Reuters агенттігі Иран Президенті Ибрахим Раиси мен оның сыртқы істер министрі тікұшақ апатынан қаза болғанын жазды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу