IRENA "ЭКСПО-2017" көрмеcіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

708

IRENA "ЭКСПО-2017" көрмеcіне қатысу туралы келісімшартқа қол қойды

20-21 желтоқсанда "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандырылған көрмесінің Комиссары Р.Жошыбаевтың Біріккен Араб Әмірліктерінің астанасы Әбу Даби қаласына жұмыс сапармен келіп, Жаңартылатын энергия көздері жөніндегі халықаралық агенттіктің (IRENA) Бас директоры Аднан Аминмен, БАӘ Ұлттық медиа кеңесі Бас директорының орынбасары, "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі БАӘ Ұлттық павильонының Бас Комиссары Салем әл-Амиримен, Х Болашақ энергиясы жаһандық саммитін ұйымдастыру комитетінің басшылары және әмірліктер іскер топтарының өкілдерімен кездесулерін өткізді, деп хабарлайды 24Хабар.

Аднан Аминмен болған кездесу барысында тараптар Қазақстан мен IRENA арасындағы өзара әрекеттестіктің қазіргі жағдайы мен болашағын талқылап, IRENA-ның "ЭКСПО-2017" көрмесіне қатысу тетіктерін және ірі халықаралық алаңдарда көрме тақырыбын жылжыту мәселелерін қарастырды. Қазақстандық комиссар Президент Н.Ә.Назарбаевтың әлемдік қоғамдастық қолдаған тұрақты даму саласындағы жаһандық бастамалары туралы хабардар етті.

Сонымен қатар тараптар 2017 жылғы 11-14 маусымда Астанада өтетін БҰҰ Европалық экономикалық комиссиясының Министрлік конференциясы шеңберінде IRENA-ның панельдік секциясын өткізу мүмкіндігін талқылап, қазақстандық мамандардың IRENA Хатшылығында тағылымдамадан өту мен "ЭКСПО-2017" көрмесіне еріктілерді дайындау мәселесін қарастырды. 

БАӘ Ұлттық медиа кеңесінде болған кездесуде "ЭКСПО-2017" көрмесіндегі БАӘ Ұлттық павильонының Бас Комиссары Салем әл-Амири Әмірліктер Астанада өтетін "ЭКСПО-2017" Халықаралық мамандырылған көрмесіне қатысуын ресми растаған әрі келісімге қол қойған Таяу Шығыстағы алғашқы араб елі екенін ерекше атап өтті.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу