Иркутскіде "Долана" тұнбасынан уланып көз жұмғандар 71 адамға жетті

803

Иркутскіде "Долана" тұнбасынан уланып көз жұмғандар 71 адамға жетті

Иркутскіде "Долана" тұнбасын ішіп қайтыс болғандардың саны 71 адамға жетті, деп хабарлады аймақтық денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Татьяна Шкурскаяның дерегіне сүйенген РИА Новости.

"Жалпы зардап шеккендердің саны 117 адам. Түнде тағы бір адам ауруханаға түсті. 36 адам стационарлық ем алып жатыр", – деді дереккөз агенттікке.

Уланғандар Иркутскінің облыстық ауруханасына өткен сенбіден бастап түсе бастаған, олардың көпшілігі ес-түссіз күйде.  "Долана" тұнбасын ішкен адам бір сағаттан бір тәулікке дейін уақыт ішінде өзін нашар сезінетін болған.

Адамдардың құрамында метил спирті бар сапасыз өнімнен жаппай улану дерегі бойынша  қылмыстық іс қозғалды. Тергеушілер улы сұйықтықты өндірген жасырын цехты тауып, өнімді таратумен айналысқан 12 адамды қамауға алды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу