Иркутскіде уланып көз жұмғандардың саны 53 адамға жетті

860

Иркутскіде уланып көз жұмғандардың саны 53 адамға жетті

Ресейдің Иркутск облысында суға шомылуға арналған долана тұнбасынан уланып, тағы 4 адам ауруханада көз жұмды. Осылайша, құрбандар саны 53 адамға жеткен. Жергілікті билік өкілдерінің айтуынша, марқұмдар қатары әлі өсуі мүмкін, деп хабарлайды 24Хабар.

Бұдан басқа, ауруханаға тағы 12 адам түскен. Төсекке таңылғандардың жалпы саны – 26. Улану дерегі жиілеген соң Иркутскіде төтенше жағдай жарияланып, аймақта құрамында спирті бар өнімдердің сатылуына тыйым салынды. Елдің денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, тұнба құрамынан метанол спирті табылған. Құзырлы органдар сауда орындарын тексеріп жатыр. Әзірге белгілі болғаны улану жағдайына қатысты 7 адам қамауға алынды.

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу