Ислам Әбішевке қатысты іс сотқа келіп түсті

1444

Қамауда отырған 63 жастағы экс-шенеунік аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен биыл наурыз айында ұсталған болатын.

Ислам Әбішевке қатысты іс сотқа келіп түсті

Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы Ислам Әбішевке қатысты іс сотқа келіп түсті. Алғашқы отырыс 30 қыркүйекке белгіленген, деп хабарлайды КТК.

Қамауда отырған 63 жастағы экс-шенеунік аса ірі көлемде пара алды деген күдікпен биыл наурыз айында ұсталған болатын. Тергеу мәліметтері бойынша, Әбішев Солтүстік Қазақстандағы "Соколов" су құбырын жөндеп, Қызылжар ауданына су тарту үшін әзірге аты аталмай тұрған әлдебір компанияға тендер ұтып берген. Аталмыш қызметі үшін құрылысқа бөлінген 6 миллиардқа жуық ақшаның бір пайызын, яғни, 60 миллион теңгені ауызбастырық ретінде алған деген күдікке ілініп отыр. Әрі параны тікелей өзі емес, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеев арқылы алдыртқан.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу