Испаниядағы апатты су тасқынына климаттың өзгеруі әсер еткен

136

Мұны соңғы зерттеулер нәтижелерінен байқауға болады.

Испаниядағы апатты су тасқынына климаттың өзгеруі әсер еткен Фото: accentnews.ge

Африка мүйізінде ширек миллион адамның қаза табуы, Еуропадағы аптап ыстыққа 90 000-ға жуық тұрғынның  шыдамауы және Испания тарихындағы ең жойқын апатқа әкелген су тасқыны кейінгі кездері жиі байқалатын төтенше ауа райы мен климаттың өзгеруімен тікелей байланысты, деп жазады inbusiness.kz сайты. 

Испанияда осы аптада елдің шығысы мен оңтүстігінде бір күнде жауған бір жылдық жаңбырдан кейін қаза тапқандар саны 150-ден асты. Климатологтар жүргізген жедел талдаудың нәтижелері жаһандық жылыну мұндай оқиғалардың ықтималдығын екі есе арттыратынын және жаңбырдың өзін әлдеқайда қарқынды ететінін көрсетеді.

"Жаңбыр климаттың өзгеруінен күшейгеніне күмән жоқ", – дейді Лондон Империал Колледжіндегі Экологиялық саясат орталығындағы Дүниежүзілік World Weather Attribution (WWA) жобасын басқаратын Фридерик Отто.

Дүние жүзіндегі орташа температура үкіметтер 2015 жылғы Париж келісімі бойынша жаһандық жылынуды тоқтатуға келіскенде, 19-ғасырдың ортасындағы бастапқы көрсеткіштен 1,5С-қа жақын болды.

"Қазбалы отынды пайдаланудан туындаған жылынудың әр градусы үшін атмосфера көбірек ылғал жинайды, сәйкесінше жауын-шашынның мөлшері көбейеді",  деп түсіндіреді Отто.

Қараша айында Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін COP29 климаттық саммиті алдында БҰҰ үкіметтің әрекеті мен климат ғылымы арасындағы үлкен алшақтық туралы ескертті. Мұндай үрдіс жалғаса берсе, ғасырдың соңына дейін температураның жоғарылауы 3°С-тан аспақ.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу