ІТ саласында 40 жаңа мамандық пайда болады

2029

Тағы 6 мамандық өзгереді, 9-ы мүлдем болмайды. 

ІТ саласында 40 жаңа мамандық пайда болады

2021 жылдың бірінші тоқсанында елімізде ақпарат және коммуникация саласында 162,3 мың адам жұмыспен қамтылды, бұл өткен жылмен салыстырғанда 2,6% артық, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі ranking.kz-ке сілтеме жасап.

Жұмыспен қамтылғандардың жартысы мегаполистерде - Алматы (39 мың адам), Нұр-Сұлтан (32,6 мың адам) және Шымкентте (11,8 мың адам) тұрады. 

Секторда жұмыспен қамтылғандардың ең аз саны Қызылорда облысында: 2,5 мың адам тұрады. 2020 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 18,4%-ға аз.

Саладағы номиналды жалақы 328,1 мың теңгені құрады - бұл өткен жылмен салыстырғанда 7,4% жоғары.  Сонымен бірге, сектордағы жалақының сатып алу қабілетінің нақты өсуі байқалады. 2020 жылдың бірінші тоқсанымен салыстырғанда 0,1%-ды құрады.

Компьютерлік бағдарламалау, кеңес беру және басқа да қызметтер саласындағы жұмысшылар секторда ең көп жалақы алады (354,6 мың теңге), ең аз - кино, теледидар бағдарламалары мен музыкалық жазбалар шығаратын мамандар (218,1 мың теңге) алады.

Байланыс қызметкерлері 345 мың теңге, баспа ісі - 339,6 мың теңге, бағдарламалар мен теледидарлар, радиохабарлар жасаушылар - 267,8 мың теңге, ақпараттық қызметтер - 258,6 мың теңге айлық алады.
 
Аймақтар бойынша көбіне елордада және Алматыдағы ақпарат және коммуникация саласының мамандары қомақты жалақы алады. Ал Түркістан облысында керісінше ең аз айлыққа еңбек етеді: 118,4 мың теңге.

Электрондық еңбек биржасының мамандықтар атласы жақын арада ІТ саласында 40 жаңа мамандықтың пайда болуын болжайды, тағы 6 мамандық өзгереді, 9 мүлдем болмайды.

Салалық сарапшылардың пікірі бойынша 2030 жылы қолдау мамандары, АКТ қолданушыларды қолдау орталығының операторы, жүйелік кеңесші, веб-бетті әзірлеуші, ақпаратты өңдеудің цифрлық маманы, ақпараттық-коммуникациялық жүйелерді техникалық қолдау маманы, АКТ пайдаланушыларды қолдау жөніндегі кеңесші, веб-сайт әкімшісі, веб-сайт технигі, веб-мастер, веб-техник сияқты мамандықтар жоғалады.

Елдегі жаңа мамандықтардың ішінде DevOps инженері бар. Ол қазірдің өзінде қажет.  2020 жылы IT экожүйесінің сәулетшісі, MVP-менеджер, өнім менеджері, R&D-менеджері сияқты жаңа мамандықтардың пайда болуы күтілуде.

Төрт жылдан кейін, 2025 жылы елге блокчейн технологтар, жасанды нейрондық желілерді жобалаушылар, әмбебап жасанды интеллект жасаушылар, 
интеллектуалды технологтар және өзге де мамандар қажет болады.
 
Тағы 9 жылдан кейін сандық заңгер, кибер заңгер, кибер зерттеуші, интеллектуалды киберфизикалық инфрақұрылым операторы, кванттық есептеу технологы, кванттық криптолог сияқты мамандықтар пайда болуы керек.

Сарапшылар 2040 жылға қарай киборг инженер мен киборг нұсқаушысы маманы пайда болады деп болжайды.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу