Италия мен Францияға мұнай сату 0,5 млрд долларға артты

1856

Қазақстанның қаржыгерлер қауымдастығы 2019 жылғы 01 қыркүйектегі жағдай бойынша еліміздің экспорты мен импортына шолу жасады.  

Италия мен Францияға мұнай сату 0,5 млрд долларға артты

Тамыз айының қорытындысы бойынша елдің сыртқы сауда айналымы біршама өсіп, 8,3 млрд АҚШ долларын құрады (+1,0%), деп хабарлайды afk.kz сайты.

Аталған ұлғаю тауарлар экспортынан түсетін түсімдердің – 4,6 млрд долларға дейін (+5,8%) өсуіне байланысты, ал елдің импорты 3,7 млрд долларға дейін (-4,6%) қысқарды. Осы орайда тамыз айында сауда балансының оң сальдосы шілде айында 0,5 млрд доллар көрсеткішімен салыстырғанда 1,0 млрд долларға дейін өсті. Тамыз айында негізгі атаудағы Топ-10 арасындағы түсімдердің негізгі артуы мұнай экспорты бойынша байқалады (1-кестені қараңыз).

Еске сала кетейік, шілде айында (-28,4%) күрт төмендегеннен кейін мұнай экспортының физикалық көлемі тамыз айында 20,0%-ға яғни,  5,2 млн тоннаға дейін өсті, бұл негізгі кен орындарында жөндеу жұмыстарынан кейін мұнай өндіру деңгейін қалпына келтірумен байланысты болуы мүмкін. Жөндеу жұмыстарына қарамастан, 2019 жылдың қаңтар-тамыз айларында өндіру деңгейі өткен жылдың ұқсас көрсеткішімен салыстырғанда 0,5%-ға артып, 51,4 млн тонна шикі мұнайды құрады. Сонымен қатар шикізат нарығының баға конъюнктурасы қолайлы болды. Brent мұнай баррелінің орташа бағасы тамызда барреліне 59,75 доллар белгісіне дейін 6,6%-ға төмендеді.

Ел құрылымында "қара" алтынды жеткізуден түсетін түсімдердің күрт артуы Италия (+376,0 млн доллар) мен Францияға (+129,4 млн доллар) тиесілі. Естеріңізге сала кетейік, бір ай бұрын негізгі төмендеу еуропалық елдерге келді.

Өз кезегінде тауарлар импортында негізгі топ-10 атауы арасында негізгі төмендеу тамыз айында сұйық сорғыларға келеді, ал ең көп ұлғаю – ауа/вакуумдық сорғылардың импорты бойынша. Импорттағы көрсетілген өзгерістер елдің өнеркәсіптік объектілеріндегі құрылыс пен жөндеу жұмыстарына байланысты болуы мүмкін.

Сонымен қатар, импорттың елдік құрылымында қаңтар-тамыз қорытындысы бойынша бұрынғыдай Ресей орын алады, оған барлық импортталатын өнімдердің 35,4%-ы (-4,0%) келеді. Одан әрі Қытай – 16,0% (-0,1%) және Оңтүстік Корея–9,6% (+7,8%).

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу