Италиядағы жол апатынан зардап шеккен алты қазақстандықтың екеуі әлі ауруханада

669

Өткен жексенбі күні италиялық дәрігерлер науқастардың қазіргі жағдайы санавияциямен жеткізуге жарайтындығын айтқан.

Италиядағы жол апатынан зардап шеккен алты қазақстандықтың екеуі әлі ауруханада

Италиядағы жол апатында зардап шеккен қазақстандықтардың екеуі әлі ауруханада жатыр. Еліміздің сыртқы істер министрлігі мен денсаулық сақтау министрлігі оларды елге жеткізудің жолдарын қарастыруда. Бұл туралы СІМ ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды Интерфакс-Қазақстан.

"Италиядағы жол апатында жарақат алған екі әйел әлі ауруханада жатыр. Біздің консул барлық керекті көмекті көрсетуде, олардың туыстары да сонда, науқастардың жағдайы орташа", – дейді Айбек Смадияров.

Оның айтуынша, өткен жексенбі күні италиялық дәрігерлер науқастардың қазіргі жағдайы санавияциямен жеткізуге жарайтындығын айтқан.

"СІМ ресми өкілі ДСМ-мен бірлесіп оларды Қазақстанға санитарлық авиацияның арнайы бортымен жеткізу мәселесімен айналысып жатыр. Бірақ ол үшін италиялық және қазақстандық дәрігерлер бірлесіп консилиум өткізуі керек",– дейді ол.

Еске сала кетсек, өткен аптада Италияда өзге шетелдік азаматтармен қатар еліміздің 9 азаматы да болған автобус апатқа ұшыраған еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу