Халықаралық үстел теннисі федерациясы Masters әлем чемпионатының өтетін уақытын өзгерткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Olympic.kz.
Халықаралық үстел теннисі, Swaythling Club (бұрыңғы әлем чемпиондарының қауымдастығы), жергілікті ұйымдастыру комитеті мен Франция федерациясы барлығы бірге ақылдасып, нәтижесінде чемпионатты шегеру туралы шешімге тоқтаған. Жаңа шешім бойынша ардагерлер арасындағы біріншілік 2021 жылдың 26 сәуірінен 2 мамыры аралығында өтеді. Бордо велодромына жарысқа 36 үстел, жаттығу үшін 40 үстел және де 152 үстелді көрме орталығына орналастырмақшы. Көрме орталығында орналасқан үстелге жарыс көрермендері келіп, үстел теннисін ойнауға мүмкіндік беріледі.