Қай өңір тұрғындарының медициналық көмекке көңілі толмайды?

592

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Басқарма төрағасы Айдын Ашуев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қорға жиі шағым түсіретін өңірлерді атады, деп жазады inbusiness.kz.

Қай өңір тұрғындарының медициналық көмекке көңілі толмайды?

Спикердің айтуы бойынша Алматы қаласының тұрғындары (2,8 мың өтініш) Қорға жиі шағым түсіреді. Одан кейінгі орындарда Нұр-Сұлтан қаласы (2,3 мың), Қарағанды облысы (1 мыңдай өтініш), Шығыс Қазақстан (900) және Алматы (900) облыстарының тұрғындары бар.

"Солтүстік Қазақстан, Атырау және Қызылорда облыстарының тұрғындары сирек жүгінеді", – деп атап өтті Басқарма төрағасы.

Қорға 7 айда 460 мың өтініш келіп түскен. Соның ішінде шағым саны 13 мыңнан асады.

Айдын Ашуев келтірген деректерге сәйкес, шағымның басым бөлігі медицина қызметкерінің емхана деңгейінде медициналық көмек көрсетпеуін қамтиды екен. Одан кейін сапасыз медициналық көмек көрсету, профильдік дәрігерлердің кеңесі, КТ, МРТ және т.б. қымбат тұратын қызмет түрлерін  ұзақ уақыт күту сұрақтары да бар.

 "Біз азаматтардың өтініштері, әлеуметтік желілердегі жарияланымдары бойынша пациенттердің  салалық маманның қабылдауына кіре алмайтынын айтқан шағымдарын жиі көреміз. Себептері де алуан түрлі. Дәрігер демалыста немесе жұмыстан шығып кетті, ал жаңасын клиника әлі қабылдамаған. Дәрігер пациенттердің барлығын қабылдап үлгермейді, ал клиника басшылығы екінші маманды алуға құлықсыз. Бұның нәтижесінде пациенттің кеңестік-диагностикалық қызметті күту ұзақтығына қатысты құқықтары бұзылады. Бұл жағдайда клиника пациентті бірлесіп орындаушы ретінде басқа медициналық ұйымға, егер онымен келісім болмаса да, жіберуі керек. Шарт жолдаманы толтыру кезінде автоматты түрде жасалады", – деді Айдын Ашуев.

 

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу