Қай өңірдің адамдары қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтыны белгілі болды

691

Экология министрлігінің "жедел желісіне" алғашқы жұмыс аптасында 376 арыз түскен. 376 шағымның 269-ы стихиялық қоқысқа қатысты болса, 107-сі толып кеткен контейнерлер туралы.

Қай өңірдің адамдары қоршаған ортаға немқұрайлы қарамайтыны белгілі болды

Заңсыз қоқыс орындары туралы хабардың басым бөлігі Алматы (61) және Қарағанды ​​(41) облыстарынан, сондай-ақ Алматы қаласынан (47) түскен, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.

Ведомствоның ақпаратына сүйенсек, азаматтардан түскен өтініштердің саны бойынша "бестікте" Ақтөбе (35) және Шығыс Қазақстан (32) облыстары бар.

"23 шілдедегі жағдай бойынша әкімдіктермен бірлесіп 132 полигон жойылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда. Шағым түскеннен кейін ақпарат дереу жергілікті экология департаменттеріне, әкімдіктер мен ішкі істер департаменттері қызметтеріне жіберіледі. Мамандар дереу тексеру орнына барып, сол жерде шаралар қолданады. Кінәлілер жазаланады, соның ішінде айыппұлдар да қолданылады",– деп жазылған хабарламада.

Естеріңізге сала кетсек, Экология министрлігінің жедел желі телефоны +7 (775) 952-49-00. Бұл нөмірді ватсап арқылы кез-келген қазақстандық өз қаласындағы немесе ауылындағы стихиялық қоқыстар туралы ақпаратты фотосурет пен бейнетүсірілім арқылы растай отырып, қолдана алады.

"Біз барлық тұрғындарды мәселеге бей-жай қарамай, жедел желіге өз аумағындағы стихиялық қоқыс тастау немесе контейнерлердің толып кету фактілері туралы дереу хабарлауды, өздеріңіз оларға ескерту жасап, полицияға хабарласуды сұраймыз. Тек бірлескен жағдайда ғана біз бұл саланы тәртіпке келтіре аламыз", – дейді вице-министр Ахметжан Пірімқұлов.

Сонымен қатар, Экология министрлігі, осы демалыс күндерінен бастап ұлттық парктерде және демалыс аймақтарында қоғамдық рейд жүргізе бастады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу