"Қайыңды-Саты" жолындағы апат: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды

455

Жол апатынан зардап шеккендердің арасында жүкті әйел де бар. 

"Қайыңды-Саты" жолындағы апат: Зардап шеккендердің жағдайы белгілі болды Фото: Inbusiness.kz

Бұл туралы Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп жазады inbusiness.kz.

"Кеше министрлікке Қайыңды көліне қарай бара жатқан туристердің ірі жол апатына түскені туралы шұғыл ақпарат түсті. Апат салдарынан бір адам қайтыс болды. Қалған адамдар сол жердегі аудандық ауруханаға жеткізілді. Тиісті көмек көрсетілді. Ішінде жүкті әйел де бар. Барлық көмекпен қамтамасыз етіліп жатыр", - деді ведомство басшысы Парламенттік комиссия отырысынан кейінгі брифингте.

Министр өз сөзінде жүкті әйелдер бөлек бақылауға алынатынын еске салды.

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жол апатынан барлығы 20 әйел мен 14 ер адам зардап шеккен.

"Оқиға орнына 13 жедел жәрдем бригадасы және 1 ТМҚК бригадасы (28 қызметкер және 14 санитарлық автокөлік бірлігі) жіберілген. Бүгінгі таңда Кеген аудандық ауруханасында 1 адам, Шелек ауылының аудандық ауруханасында – 2, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында 9 науқас ем қабылдап жатыр. Жағдайлары орташа ауырлық дәрежесінде", - делінген министрліктің ресми хабарламасында.

Айта кету керек, 5 қазан күні "Қайыңды-Саты" жолында туристер мінген автобус жол апатына ұшырағанын жазған болатынбыз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу