Қайырбек Өскенбаев көлік бағасы неге шарықтап кеткенін түсіндірді

1501

"Көліктің көпшілік алатын екі моделін ғана қарайық. Мысалы 2020 жылы бағасы 4,9-5 млн теңге болған Лада вестаның құны қазір 10 млн теңгеге жетті. Ал сол жылы 4,5 млн теңге шамасында сатылған Шевроле кобальтың бағасы қазір 7 млн теңге! Көлік бағасы не үшін осыншама қымбаттап кетті? Бұл экономиканың сыртқы факторларға байланысты қалыпты реакциясы ма, әлде біздің отандық автонарықтың спекуляциясы ма?". Үкімет отырысынан кейін өткен брифинг барысында Индустрия және инфрақұрылымды дамыту министрі Қайырбек Өскенбаевқа осындай сауал қойылды.

Қайырбек Өскенбаев көлік бағасы неге шарықтап кеткенін түсіндірді

Бұл сұраққа жауап берген министр "өкінішке қарай, көлік сырттан келетін қосалқы құралдардың бағасы қымбаттап тұрғанын" жеткізді.

"Оған біз биылдан бастап әр шығарып жатқан зауытқа өз бағдарламасын бекітіп қойдық. Қай жылы қандай өнімдер (көліктің қосалқы бөлшектері) өз ішімізде шығарылуы керектігін. Бірақ өкінішке қарай ол олай тез айырбастау мүмкін емес. Әр шығаратын затқа бір шетелдік зауыттадан (иелерінен) сертификат алуымыз керек. Мысалы, Хиундай көлігі болса, соның ішіне кіргізетін затты шығаратын болсақ, сертификат алу үшін сіздердің көліктеріңізге өз бөлшектерімізді салуға бола ма деп рұқсат алуымыз керек. Соған өкінішке қарай ұзақ уақыт өтеді. Сол себепті мәселе қолымыздан келмегеннен емес, тіркеу рәсімдері өте ұзаққа созылып жатыр", – деді Қайырбек Өскенбаев.

Оның айтуынша, қосалқы бөлшектерді тіркеу мәселелері ұзаққа созылады.

"Сол себептен бағаның өсуі соған байланысты. Ал енді жаңа айтып кеткенімдей, 4 пайыздық 10 млн теңгеге дейін несие беріледі. Одан қымбат та көлік алуға болады", – деді ол.

Отандық автонарықта локализация қанша пайыз деген сұраққа министр былайша жауап берді.

"Әр зауытқа байланысты. Ең жақсы деген 50 пайызға дейін жетеді. Бірақ біртіндеп арттыруға мүмкіндік бар. Өйткені бәрі қолдан істейтін нәрсе ғой. Қолынан іс келетін мамандар бар. Рәсімдеріне бола ғана тоқтап отырмыз. 10 жылдық бағдарламасын бекіттік", – деді ол.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу