Оған барлығы 564 техника мен 1800-ден астам адам жұмылдырылды, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Бүгін, яғни 6 қараша күні қаланы санитарлық тазалауға 564 бірлік арнайы техника жұмылдырылып, оның ішінде 163-і күшейтілген режімге көшуге әзір отыр.
Қала аудандарындағы көрсеткіш мынадай: "Алматы" ауданы – 129 бірлік техника мен 430 жол жұмысшысы. Оның ішінде "күту режіміне" көшуге 14 техника дайын отыр. "Байқоңыр" ауданы – 90 бірлік пен 360 жол жұмысшысы. Оның ішінде "күту режімінде" арнайы 30 машина дайын отыр. "Есіл" ауданы – 187 бірлік техника мен 543 жол жұмысшысы. Оның ішінде "күту режімінде" арнайы 78 бірлік машина бар. "Сарыарқа" ауданы – 158 бірлік пен 491 жол жұмысшысы. Оның ішінде "күту режимінде" арнайы 41 бірлік техника бар.
Айта кету керек, тұрғын үй-коммуналдық мәселелер бойынша, соның ішінде қар тазалау бойынша тәулік бойы iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығына 109 нөміріне қоңырау шалып хабарласуға болады.