Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантин күшейтіледі

1167

Өңір екі күннен бері "қызыл" аймақта. 

Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантин күшейтіледі Фото: inbusiness.kz

Қарағанды облысында 1 шілдеден бастап карантиндік шектеулер күшейтілді, деп хабарлайды inbusiness.kz.

"Осылайша, эпидемиологиялық жағдай жақсарғанға дейін ойын-сауық мекемелерінің, букмекерлік кеңселердің, мәдениет объектілерінің қызметіне тыйым салынады. Ал демалыс күндері сауда үйлері, фитнес-орталықтар, сауналар мен моншалар жұмысын тоқтатады",  – деп жазылған Қарағанды облысының Бас мемлекеттік санитар дәрігерінің жаңа қаулысында. 

Құжат 2021 жылғы 1 шілде күні, сағат 00-ден бастап күшіне енеді. 

"Қарағанды облысының тұрғындары мен қонақтарына адамдар жаппай жиналатын іс-шараларды (мерекелік іс-шаралар, спорттық-бұқаралық, ойын-сауық мәдени-бұқаралық іс-шаралар, конференциялар, семинарлар, көрмелер, форумдар, сондай-ақ отбасылық, естелік іс-шараларды (банкеттер, үйлену тойлары, мерейтойлар, туған күндер, шығарып салу, "құдалық", той, "беташар" және басқалар), оның ішінде үйде және адамдар көп жиналатын өзге де іс-шараларды ұйымдастыруға, өткізу және баруға тыйым салынады", деп жазылған қаулыда.

"Ashyq" жобасымен жұмыс істейтін банкет залдары, мейрамханалар мен дәмханаларға ас беруге және келушілерге қызмет көрсетуге рұқсат етілген. Алайда  "Ashyq" қосымшасымен істейтін объектілерді қоспағанда, қызметі жаңартылмаған объектілерге баруға тыйым салынады, сондай-ақ олардың жұмыс режиміне сәйкес жабылғаннан кейін объектілерде болуға рұқсат жоқ. 

Бұған қоса:
- респираторлық инфекцияның алғашқы белгілері байқалған кезде 103 нөмірі бойынша жедел жәрдем шақыру арқылы үйде медициналық көмекке жүгіну қажет; 

- сондай-ақ, тұрғындар қоғамдық орындарға (оның ішінде қалалық қоғамдық көлікте сапар шегу кезінде) және қызметіне рұқсат етілген объектілерге барған кезде, сондай-ақ қоғамдық орындарда болған кезде бетперде ьпғу, әлеуметтік қашықтықты сақтау және антисептиктерді пайдалану жөніндегі талаптарды қатаң ұстануы тиіс. 


Сонымен қатар, Қарағанды облысының барлық аумағында келесі қызмет түрлеріне тыйым салынады:

- "Ashyq"пилоттық жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда, ойын-сауық мекемелері (караоке, компьютерлік клубтар, түнгі және ойын клубтары, бильярд, боулинг орталықтары); 

- букмекерлік кеңселер; 

- жабық үй-жайлардағы ойын алаңдары мен аттракциондарды қоса алғанда, балалар ойын-сауық орталықтары; - банкет залдары, "Ashyq" жобасы іске асырылып жатқан объектілерді қоспағанда, - театрлар, концерт залдары; 

- мәдениет объектілері, оның ішінде үйлер мен мәдениет сарайлары, сондай-ақ оларға дайындық; 

- іс - шаралар, көрмелер, конференциялар, форумдар, жәрмеңкелер; 

- жалпы білім беретін мектептер жанында орналасқан секциялар, үйірмелер, шағын орталықтар; 

- дәстүрлі форматтағы білімді бағалаудың барлық түрлерін; 

- СOVID-19 бойынша қолайсыз аймақтар мен елдерге оқушылардың халықаралық спорттық, мәдени іс-шараларға, олимпиадаларға шығуы; 

- сонымен қатар, облысішілік және қалалық тұрақты емес туристік тасымалдардың қозғалысына тыйым салынады. 

Мемлекеттік органдар, ұйымдар, кәсіпорындар, квазимемлекеттік сектор органдары, ұлттық компаниялар, өзге де ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкерлік субъектілері өндірістік қажеттілікке қарай қызметкерлердің кемінде 80% қашықтан жұмыс нысанына ауыстыруы қажет. Қызметкерлерді СOVID-19-ға қарсы вакцинациялау жүргізілген жағдайда қашықтықтан және жұмыс орны форматында қызметкерлердің пайыздық арақатынасы бойынша талаптарды есепке алмай қызметті жүзеге асырады. Бұл ретте соңғы 6 ай ішінде СOVID-19-ға қарсы вакцинациялаудың толық курсын алған және СOVID-19 ауырып жазылған барлық қызметкерлердің күндізгі режимде жұмыс істеуіне болады.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу