Қарағанды облысында егін салу науқанына жеңілдікпен 19 мың тонна отын бөлінді

1158

Қарағанды облысында егін салу науқанына жеңілдікпен 19 мың тонна отын бөлінді

Қарағанды облысында мамырдың 15-імен 30-ы аралығында егін салу науқаны өтеді. Қазіргі кезде көктемгі дала жұмыстарына дайындық жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Бұл туралы аппарат отырысында облыстық ауыл шаруашылық басқармасының басшысы Юржан Беккожин мәлім етті, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.
"Өсімдік шаруашылығы саласындағы бағдарламалық көрсеткіштері мен диверсификация жоспары бойынша облыста ауыл шаруашылық дақылдары егілетін жердің ауданы 2017 жылы 1101,6 мың га құрауға тиіс. Жаздық егіс ауданы 822,5 мың га жерге егіледі, соның ішінде дәнді және дәнді-бұршақ дақылдары – 748,2 мың га, майлы дақылдар – 14,3 мың га, азықтық – 43 мың га", – деді Юржан Беккожин.
Биыл 14 мың га жерде картоп, ауданы 3,1 га жерде көкөніс өсіріледі. Бұқар жырау ауданында егіс аумағы ұлғайтылады. 
Биыл ноқат көбірек отырғызылады. Бұл дақыл облыста бірнеше шаруа қошалығында өңделе бастады.
Егін егу науқанына 20 мыңға жуық ауыл шаруашылық техникасы, оның ішінде 162 егін салу кешені, 10 мыңнан аса трактор және 5800 тұқым сепкіш тартылады.
"Көктемгі далалық жұмыстарға Павлодар зауытынан жеңілдікпен 19 мың тонна дизельдік отын бөлінеді. Бағасы – тоннасына 127 теңге. Операторды анықтаған соң жеткізе бастаймыз", – деді Юржан Беккожин.
Оның айтуынша, биыл тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау ережелері өзгерді. 
"Ауыл шаруашылық дақылдардың бірегей және таңдаулы тұқымдарының барлығы субсидиялауға жатады. Тек арпа, майлы дақылдар, картоп, біржылдық және көпжылдық шөптердің бірінші репродукциядағы тұқымдары ғана субсидияланады. Субсидиялардың нормативтері мемлекеттік реестрге енгізілген сорттар үшін тұқымның толық құнының 70%, мемлекеттік реестрге енгізілмеген сорттар үшін тұқымның жалпы құнының 30% құрайды", – деді басқарма басшысы.
Өсімдік шаруашылығына инновацияларды енгізу үшін облыстың ауыл шаруашылық тауар өндірушілері ғылыммен одақтасты. Бұған отандық ғалымдар ғана үлес қосып отырған жоқ. 
"2016 жылы ауыл шаруашылық басқармасы П.П. Лукьяненко атындағы Краснодар ауыл шаруашылық ғылыми-зерттеу институтымен қыстық бидайдың сорттарын сынау және тұқым шаруашылығында ынтымақтастық орнату жөніндегі келісім жасасты", – деді Юржан Беккожин.
Айба ауданындағы "Шанс" тұқым шаруашылығы қыстық бидайдың жеті сортын өңдеумен айналысады.
2017 жылы өңірде ауыл шаруашылықты қолдау үшін 2,3 млрд теңгеден аса субсидия қарастырылған. Бұл өткен жылғы деңгейден 361 млн теңгеге артық. Мемлекет тұқым шаруашылығын дамытуды, гербицидтердің, минералды тыңайтқыштардың, сонымен қатар, су жеткізу бойынша қызметтердің құнын субсидиялайды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу