Қарағанды облысында ірі жол апаты болды

1074

Қарағанды облысындағы тасжолда бірнеше көлік соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қарағанды облысында ірі жол апаты болды

Облыстық полиция депарматентігінің мәліметінше, оқыс оқиға 21 қарашада кешкі сағат 19:00-де болған.

"Жезқазған-Есіл-Петропавл тасжолында 26 жастағы Hyundai Creta жүргізушісі Сәтбаев қаласына қарай бара жатқан. Алайда ол Chevrolet Nexia көлігіне соғылған. Сондай-ақ қатты соққыдан Hyundai Creta Daewoo Nexia көлігіне соғылды", – деп жазылған хабарламада.

Hyundai Creta жүргізушісі мен көліктегі екі жолаушы, Daewoo Nexia жүргізушісі ауруханаға жеткізілді.

Жол апатын полиция тіркеп, тиісті сараптама тағайындады. Оның қорытындысы бойынша тиісті шешім қабылданады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу