Қарағанды облысында кеншілер автобусы апатқа ұшырады

1145

Қарағанды облысында кеншілер мінген автобус апатқа ұшырады. Жүргізушісі рөлге ие бола алмай, жолдан шығып кеткен. Салдарынан жарақат алған 8 адам ауруханаға жеткізілді, деп хабарлайды Atameken Business.

Қарағанды облысында кеншілер автобусы апатқа ұшырады

"Арселор Миттл Теміртау" компаниясына тиесілі көлікте 60 жұмысшы болған. Ал діттеген жеріне жете алмаған кеншілерге құтқарушылар көмектескен.

"25 ақпан күні Есенгелді ауылының маңайында болған жол көлік оқиғасынан 8 адам ауруханаға келіп түсті. Науқастардың тексеру нәтижесі бойынша, 7 науқас амблуаториялық емделуге жіберілді. Бір науқас стационарлық емделуге жатқызылды",– дейді "Профессор Х.Ж. Мақажанов атындағы көпсалалы аурухана" ШЖҚ жанындағы МКК ахуалдық орталығының қызметкері Дулат Жаңабек.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу