Қарағанды облысында көкжөтел өршіп тұр

370

Жыл басынан бері көкжөтелдің 48 жағдайы тіркелді. 

Қарағанды облысында көкжөтел өршіп тұр Фото: gdemoideti.ru

Көп жағдайда балалар ауырып жатыр. Олардың 90%-ы вакцинация алмаған. Қазір өңірде көкжөтелмен ауыратын алты бала бар.

Олардың бірі ауыр жағдайда жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды inbusiness.kz тілшісі.

Денсаулық сақтау басқармасының басшысы Бибігүл Төлегенова

Қарағанды облысында ауа-тамшы жолымен берілетін инфекциялармен сырқаттанушылық алаңдаушылық туғызатынын, алайда, жағдай әлі де тұрақты екенін айтады.

Өткен жылдың ортасынан бастап көкжөтелдің оқшауланған жағдайлары тіркелді. Ал, қазір бұл көрсеткіш өсе бастады.

Көкжөтел-жоғарғы тыныс жолдарындағы катаральды құбылыстармен және пароксизмальды спазмодикалық жөтелмен бірге жүретін жедел бактериялық инфекция. Бұл ауру әсіресе жас балалар үшін қауіпті. Көкжөтелдің асқынуы пневмония, мидың зақымдануы, тыныс алуды тоқтатуға алып келуі мүмкін.

Инфекция жөтелгенде немесе түшкіргенде ауамен тарайды. Науқас алғашқы белгілер пайда болғаннан кейін 30 күн ішінде басқаларға жұқтыруы мүмкін. Ересектерде ауру балалар сияқты белгілері айқын болмауы мүмкін. Сондықтан ересек баладан инфекцияның таралу қаупі жоғары. Екі жасқа дейінгі балаларда пароксизмальды жөтел соншалықты қарқынды, бұл қабырғаның сынуына әкелуі мүмкін.

Сонымен қатар, жөтел шабуылдары апноэ кезеңімен аяқталуы мүмкін (тыныс алудың толық тоқтауы), нәтижесінде нәрестелер жиі реанимация жағдайында емдеуді қажет етеді.

"Көкжөтелмен сырқаттанушылықтың өсуі жоспарлы вакцинацияны өткізіп жіберу және вакцинациядан бас тарту салдарынан  иммунитетінің төмендеуімен байланысты. Ата-аналарға балаларында вакцинацияның болуына назар аударуды ұсынамыз. Вакцинация болмаған жағдайда, тіркелген жері бойынша медициналық ұйымнан екпе алу керек. Балаларға көкжөтелге қарсы вакцина 2, 3, 4, 18 айда және ревакцинация 6 жаста жасалады", - деді Бибігүл Төлегенова.

Сондай-ақ, өңірде қызылша бойынша жағдайды тұрақтандыру бойынша жұмыстар жалғасып жатыр. Ағымдағы жылдың басынан бері қызылшаға күдікпен 1 597 жағдай анықталды, оның ішінде 1 072 (67%) расталды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу