Қарағанды облысында үш көліктің қатысуымен жол апаты болды

381

Зардап шеккен бір адам ауруханаға жеткізілген. 

Қарағанды облысында үш көліктің қатысуымен жол апаты болды Фото: ekaraganda.kz

Қарағанды облысында жеңіл машина және жүк көлігі жүк тиегіш трактормен соқтығысты, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda.kz порталына сілтеме жасап.

Ақпаратқа сәйкес, 31 шілде күні сағат 17.00-де Қызылорда-Павлодар автожолының 943 шақырымында үш көлік құралы – жүк тиегіш трактор, Shacman және BMW жүк көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды.

Қарағанды облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, апат салдарынан зардап шеккен бір адам медициналық мекемеге жеткізілген.

"Аталмыш дерек полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижелері бойынша процессуалдық шешім қабылданады", - делінген ПД хабарламасында.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу