Қарағанды облысында жол апатынан бес адам қаза тауып, екеуі зардап шекті, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қайғылы жағдай дүйсенбіге қараған түні "Қарағанды-Абай" автожолында орын алды. Полиция департаменті берген ақпарат бойынша, BMW автомобилінің 35 жастағы жүргізушісі рөлді басқара алмай, қарсы қозғалыс жолағына шығып, Chevrolet жеңіл автокөлігімен соқтығысқан.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан BMW жүргізушісі мен оның жолаушысы, сондай-ақ Chevrolet-тегі үш жолаушы алған дене жарақатынан оқиға орнында көз жұмды. Chevrolet жүргізушісі түрлі жарақатпен жолаушымен медициналық мекемеге жеткізілді",– дейді баспасөз қызметінен.