Аппараттық кеңесте өңір әкімі Жеңіс Қасымбек ведомство басшысын онлайн режимінде таныстырды, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.
Ольга Смирнова Шахтинск қаласында дүниеге келген. Үш жоғары білімі бар.
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, Қарағанды медицина университетін "денсаулық сақтауды ұйымдастырушы", "дәрігер-психиатр, нарколог, психотерапевт" мамандықтары бойынша, сондай-ақ Қарағанды "Болашақ" университетін бітірген. Біліктілігі бойынша ол "Құқық магистрі", "Денсаулық сақтау магистрі".
Еңбек жолын 1996 жылы Қарағанды қаласының №1 аймақтық медициналық бірлестігінде медициналық тіркеушіден бастады. Нарколог және психотерапевт болып жұмыс істеді. 2007 жылы мемлекеттік қызметке ауысты. ҚР ДСМ Комитетінің Қарағанды облыстық басқармасының медициналық қызмет көрсету саласындағы талдау және бақылау бөлімінің бас маманы болды. 2014 жылдан 2017 жылға дейін медициналық қызметті бақылау бөлімін басқарды, сондай-ақ мемлекеттік инспектор болды. 2019 жылғы 5 маусымнан бастап қазіргі уақытқа дейін Ольга Смирнова ҚР ДСМ Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаменті басшысының орынбасары болып қызмет атқарды.