Қарағанды университетіне жаңа ректор тағайындалды

740

Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды университетін заң ғылымдарының докторы, профессор Нұрлан Дулатбеков басқарады. 

Қарағанды университетіне жаңа ректор тағайындалды

БҒМ министрі Асхат Аймағамбетов ҚарУ проффесорлық-оқытушылық құрамына жаңа ректорды таныстырды, деп хабарлайды әкімнің баспасөз қызметі.

"Республикалық байқау комиссиясының шешімімен және менің өкімімен Қарағанды университетінің жаңа ректоры болып Нұрлан Дулатбеков тағайындалды. Нұрлан Орынбасарұлы Президенттің білім беру саласында қойған міндеттерін орындау үшін барлық мүмкіндікті жасайды. Мен ең алдымен ЖОО-ға талдау жүргізіп, жаңа стратегияны бекіту керек деп санаймын. Екіншіден, кадрлық қамтамасыз етуге көңіл бөліп, нығайту керек. Үшінші мәселе – педагогтардың жалақыларын көтеру", – деп Асхат Аймағамбетов жұмыстағы басымдықтарды белгіледі

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек Нұрлан Дулатбековты тағайындалуымен құттықтады: "Сайлау нәтижелері мен ҚР БҒМ шешімі сіздің ғылым саласындағы жоғары беделіңіздің растауы, еңбегіңіз бен кәсіби жетістіктеріңізді мойындау болды. Басқарушы лауазымдардағы үлкен өмірлік тәжірибеңіз бен жұмыс өтіліңіз, ғылыми жұмыстар мен зерттеулеріңіз сізге университетті жаңа деңгейге көтеруге мүмкіндік береді. Біз сізге бұл жолда белсенді көмектесуге дайынбыз. Сізді тағайындауыңызбен құттықтаймын, жаңа лауазымда жетістік және табысты жұмыс тілеймін!"

Нұрлан Дулатбеков 1962 жылы Қарағанды облысының Ақсу-аюлы ауылында дүниеге келген.

1984 жылы Е. А. Бөкетов атындағы ҚарМУ "құқықтану" мамандығы бойынша, 1992 жылы - ҚР Ғылым Академиясының философия және құқық институтының аспирантурасын тәмәмдаған.

Заң ғылымдарының докторы, профессор, ҚР Ұлттық ғылымдар академиясының мүше-корреспонденті, Қазақстан Педагогика ғылымдарының академиясының академигі.

Педагогикалық қызметін 1986 жылы Қарағанды мемлекеттік университетінің оқытушысы ретінде бастаған. Одан кейін осы ЖОО-ның заң факультетінің кафедра меңгерушісі болып істеген.

1996 жылдан 2013 жыл бойынша "Болашақ" Қарағанды университетінің ректоры болды.

Қарағанды облыстың мәслихатының депутаттығына екі рет сайланды, облыстық мәслихаттың хатшысы болды

2016 жылдан бастап осы тағайындауға дейін "Нұр Отан" партиясынан VI-шақырылымда ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің заңнама және сот-құқықтық реформа бойынша комитет мүшесі болды.

Нұрлан Дулатбеков - 200 астам ғылыми еңбектер авторы. "Достық" орденінің иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу