Қарағандыда КамАЗ жеңіл автокөлік Chevrolet Nexia-мен соқтығысты, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Қарағанды облысы Полиция департаментінің түсініктемесіне сәйкес, жол-көлік оқиғасы 7 қаңтар күні шамамен сағат 17:30-да Ескі әуежай ауданында болған.
"Жол-көлік оқиғасы салдарынан Chevrolet Nexia автокөлігінің жолаушысы медициналық мекемеге жеткізілді. Аталған факт полицияда тіркелді. Оқиғаның мән-жайы анықталуда", – деп хабарлады Полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу