Қарағандыда көпбалалы аналарға қайырымдылық жасаймыз деген ұйымның қылмысы әшкереленді

147

Өздерін әлеуметтік көмек жобасы ретінде көрсеткен "Үміт Самғау" ұйымы қаржы пирамидасын ұйымдастырды деген күдікпен тергеліп жатыр.  

Қарағандыда көпбалалы аналарға қайырымдылық жасаймыз деген ұйымның қылмысы әшкереленді Фото: islamology.ru

Топ 400-ден астам азаматтың сеніміне кіріп, 100 млн теңгеден астам қаражат жинаған, деп жазады inbusiness.kz сайты.

Тергеу мәліметінше, ұйым өзін қайырымдылық жобасы ретінде таныстырып, жалғызбасты аналарға және тұрмысы төмен жандарға материалдық көмек көрсетеміз деп мәлімдеген.

Алайда шын мәнінде ұйым азаматтарды жоғары табысқа уәде беріп, қаржы пирамидасының классикалық үлгісімен жұмыс істеген. Қатысушыларға салған қаражатының көлеміне қарай 300%-дан 800%-ға дейін пайда түсетіні айтылған. Салым неғұрлым көп болса, табыс та соғұрлым жоғары болатыны туралы шарттар ұсынған.

Нәтижесінде қатысушыларға төленген қаражат нақты кәсіпкерлік немесе инвестициялық қызметтен емес, кейін қосылған салымшылардың ақшасы есебінен берілген. Бұл жүйе біраз уақыт жұмыс істегенімен, ақыр соңында жүздеген адамның қаржылық шығынға ұшырауына себеп болып отыр.

Тергеушілердің айтуынша, қаржы схемасын ұйымдастырғандар өздерінің туыстары мен таныстарын "дроппер" ретінде пайдаланып, салымшылардың ақшасын солардың атына ашылған банк карталары мен шоттарына қабылдап отырған.

Сот шешімімен күдікті тұлғаның пәтері мен көлігіне тыйым салынды.

Қазір істің барлық қатысушылары анықталып, тергеу шаралары жалғасып жатыр.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу