Қарағандыда жеңіл автомобиль және жүк көлігі соқтығысты. Бұл факт полицияда тіркелді, деп жазады inbusiness.kz ekaraganda порталына сілтеме жасап.
Жол-көлік оқиғасы 31 мамыр күні болған. Жүк көлігі жеңіл көлікпен соқтығысып, салдарынан жеңіл автокөліктің 30 жастағы жүргізушісі мен 22 жастағы жолаушысы зардап шекті.
"31 мамыр күні сағат 09.20 шамасында Daewoo Nexia және Howo көліктерінің қатысуымен жол-көлік оқиғасы болды. Аталмыш факт полицияда тіркелді. Тиісті сараптамалар тағайындалды, олардың нәтижесі бойынша процестік шешім қабылданады", - деп хабарлады облыстық Полиция департаменті.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу