Федоровка массивтеріндегі саябақ тұрғындары қыста бейтаныс адамдарды өз аумақтарынан жиі байқайды. Олардың айтуынша, соңғы күндері есірткі сатушылар мен оларды сатып алушылардың қарасы қаптаған. Бөгде адамдар келіп, тыйым салынған заттарды жасырып кетеді. Қысқа уақыттан кейін сатып алушылар келіп, оны іздеп, тауып алып кетеді екен, деп хабарлайды inbusiness.kz cайты.
Тұрғындар дереу құқық сақшыларын шақырады. Бірақ, оларды ұстау үшін дәлел қажет. Полиция кетіп қалған соң, бәрі қайтадан қайталанады. Мұндағы аулаларда камералар бар және саяжайларда кім не істейтінін көруге болады.
Тұрғындар зәрезап болып отыр. Сатып алушылардың бет-әлпеті бейнежазбаға түсіп қалған. Алайда, іс қозғау үшін бұл жеткіліксіз көрінеді.
"Біз көмек сұраймыз. Мұнда нашақорлар аймағымызды қарауылдап бітті. Бірі келіп нашаны жасырып кетсе, екіншілері алып кетеді. Біз күндіз де түнде де қорқамыз. Түнімен ит үріп шығады. Көмектесіңіздерші. Полиция шақырсақ та пайда болмай отыр. Дәлел болмаған соң оларды жібере салады. Не істерімізді білмейміз", - дейді шошынған саяжай тұрғыны Татьяна Войцеховская.
Тек өткен жылы облыс бойынша 300-ге жуық қылмыстық құқық бұзушылық тіркеліп, 450 кг есірткі заттары тәркіленді. Бірнеше қылмыстық топтың әрекеттері тоқтатылды.
"Қазір қандай да бір есірткі жарнамасын, таратуды байқасаңыздар азаматтар, көмекке келіңіздер. Қазір халық үйден шықпай ақ есірткі сатып алып отыр. Біз қазір 50 ден астам есірткі сатушынының үстінен іс қозғап, жартысын сотқа жібердік. Есірткі қылмысын жоюдың әртүрлі әдістерін қарастырып жатырмыз", - деп жауап берді Қарағанды облысы полиция департаментінің бастығы Санжар Әділов.
Облыс бойынша сайттар мен сілтемелер анықталды. 32 есептік жазба бұғатталды, 72 қылмыстық іс, сату және сақтау фактісі бойынша тіркелді. Сонымен қатар, статистика бойынша, жақында шетелдік портал БҰҰ-ның Есірткі туралы Дүниежүзілік есебіне сүйене отырып, есірткіні тұтыну бойынша әлем елдерінің рейтингін жариялады. Сегізінші орын Қазақстанға бұйырған. Есірткі барлық жерде әлеуметтік қолайсыздыққа, кедейлікке, қылмысқа, ауру мен өлімге әкеледі.
"Біріншіден айтарым, бұл індет өте үлкен проблема болып отыр. Қазіргі уақытта бұл мәселені біз дұрыс бағаламай отырмыз, екіншіден бұл індет біздің отбасымызға қатысы жоқ деп жаңылысып жатамыз. Кез келген уақытта балаларымыз да тап болуы мүмкін бұған. Үшіншіден біз нашақорларға түсіністікпен қарамаумыз керек. Егер сіз сондай адамды көріп қалсаңыз. Дереу көмекке жүгініңіз. Адамның өзгеріп кеткенін байқау оңай. Оның мінез құлқы ауысып кетеді",- деді Оңалту орталығының жетекшісі, Мәскеу теологиялық академиясының бакалавры Андрей Ковалевский.