Қарағандылық "Шахтер" футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

566

"Шахтер" футбол клубы 18 маусымда қазақстандық маман Константин Горовенкомен келісімшартқа қол қойды.

Қарағандылық "Шахтер" футбол клубына жаңа бапкер тағайындалды

Қарағандылық "Шахтер" ФК мен украиндық маман Вячеслав Грозный екіжақты келісім бойынша еңбек келісімін бұзды. "Кеншілердің" бас бапкері лауазымына 43 жасар Константин Горовенко тағайындалды, деп хабарлады өңір әкімінің ресми сайтында.

"Шахтер" футбол клубы 18 маусымда қазақстандық маман Константин Горовенкомен келісімшартқа қол қойды.

Футболшылар тәлімгері мансабын ол 2010 жылы "Сұңқар" ФК бас бапкерінің көмекшісі ретінде бастады, әрі қарай "Қайрат-1998" алматылық командасының бас бапкері болып жұмыс істеді. 2015 жылы "сары-қаралар" негізгі командасының бас жаттықтырушысының ассистенті болып тағайындалды, онымен бірге Премьер-Лига, ҚР Кубогы, ҚР Суперкубогы және Еуропа Лигасының біліктілік раундтарының қатысушысы болды. 2017 жылы бірінші лиганың "Қайрат А" клубын басқарды.

Соңғы екі маусымда Константин Горовенко "Жетісу Б" командасын басқарды.

Оның бапкерлер штабына қарағандылық жанкүйерлерге жақсы таныс қақпашылардың тәлімгері Валерий Ситало кірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу