Қаржы министрі мемлекеттік қарыз не себепті өскенін түсіндірді

920

Сенаттың жалпы отырысында 2021 жылғы республикалық бюджеттің атқарылуы туралы есепті қарау кезінде ҚР Премьер-Министрінің орынбасары – Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев мемлекет қарызын басқару мәселесіне қатысты түсініктеме берді, деп жазды inbusiness.kz.

Қаржы министрі мемлекеттік қарыз не себепті өскенін түсіндірді

"Мемлекеттік борыштың өсуі республикалық бюджет тапшылығын жабу қажеттілігімен және маңызды әлеуметтік жобаларды қаржыландыру үшін қарыз алумен байланысты болды. Дегенмен бүгінгі таңда мемлекеттік борыш қауіпсіз деңгейде сақталып, жалпы ішкі өнімге шаққанда 27,4%-ті құрайды", – деген ол мемлекеттік борышты басқаруды одан әрі жетілдіру үшін қандай шаралар қабылданатынын айтты.

Олар:
1. Бюджет тапшылығы кезең-кезеңімен азаятын болады, бұл борыштың өсу қарқынын төмендетуге ықпал етеді;
2. Әкімшілендіруді жақсарту және цифрландыру нәтижесінде салықтық түсімдерді біртіндеп ұлғайту жоспарлануда;
3. Қарыз алу кезінде ішкі нарықтың өтімділігі барынша пайдаланылатын болады. 

"Бұдан басқа, заңнамада сыртқы қарыз қаражатын уақтылы игермегені үшін мемлекеттік органның бірінші басшысының жауапкершілігін белгілеу жөнінде норма қабылданғанын атап өту қажет. Жалпы Үкімет жүйелі түрде мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген борышты, сондай-ақ квазимемлекеттік сектордың борышын қалыптастыруға және басқаруға бақылауды күшейтеді", – деді Ерұлан Жамаубаев. 

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу