Қаржы пирамидамидаларының басшылары көбінесе шетелде тұрады

825

Тергеу барысында олардың қылмыстық әрекет нәтижесінде сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғы тексеріледі. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспсөз мәслихатында Ішкі істер министрлігі Тергеу басқармасының бастығы Санжар Әділов мәлім етті, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Қаржы пирамидамидаларының басшылары көбінесе шетелде тұрады

"Қаржы пирамидаларының бір ерекшелігі – оларды құрған, жетекшілік ететін басшылары шетелде тұрады және шет мемлекеттердің азаматтары. Осыған байланысты біз халықаралық байланыс арналары арқылы конвенцияларда көзделген тәртіп аясында күдіктілердің тұрған жерін анықтаймыз. Олардың активтері мен шетелдегі шоттарының, қылмыстық әрекет жасау нәтижесінде сатып алынған жылжымалы және жылжымайтын мүлкінің бар-жоғын тексереміз", – деді Санжар Әділов.

Мәселен, "Teletrade D. J. Limited" басшылығы шетелде тұрады. Бұл ұйым өкілдерінің Армения, Латвия, Литва, Ресей Федерациясындағы банктік шоттарында қомақты қажы бар.

"Шетелдік банктеріндегі осы компанияның шоттарында 700 мың доллар және 130 мың еуродан астам қаражаты бар екені анықталды. Сондай-ақ Түркиядағы қонақ үй және 3 пәтер түріндегі активтері белгілі болды. Бұл іс сотқа жіберілді", – деп мысал келтірді Санжар Әділов.

Құралай Құдайберген

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу