Қаржы пирамидасын құрғандар бес жылға сотталды

401

Пирамидаға 40 азаматтың 39 миллион теңгеден астам қаржысы тартылған.  

Қаржы пирамидасын құрғандар бес жылға сотталды Фото: inbusiness.kz

Ақмола облысының екі тұрғыны Көкшетауда қаржы пирамидасын ұйымдастырған.

Көкшетау қалалық сотының мәліметінше, 2021 жылдың қарашасынан 2022 жылдың сәуіріне дейін "Әлеуметтік желілерде олар мол табыс табу, саяхаттау және көлік сатып алу жөніндегі ақпаратты белсенді түрде жарнамалап, тұсаукесер, тренингтер өткізіп, азаматтарды компанияға тартып, азық-түлік өнімдерін, тауарларды, жол жүру карталарын сатумен айналысып, азаматтарға бонустар ұсынған. Азаматтардың құқықтық және қаржылық сауатсыздығын пайдаланып, оңай жолмен ақша табуға ұмтылуы оларды қарыздану, несие, бөліп төлеуге итермеледі", – делінген Көкшетау қалалық сотының хабарламасында.

Сот барысында қылмыскерлер қаржы пирамидасына салған қаржыны азаматтарға қайтарды.

Олар ұйымдарда басшылық қызмет атқару құқығынан айыра отырып, 5 жылға бас бостандығынан айырылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу