Кәсіпкерлер палатасы: Қытаймен шекарада мәселелер өз шешімін табуда

444

Бұл туралы “Атамекен” ұлттық кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі хабарлады.  

Кәсіпкерлер палатасы: Қытаймен шекарада мәселелер өз шешімін табуда Фото: aigak.kz

"Нұр Жолы" өткізу пунктіндегі электронды кезек жүйесі бойынша бизнесте туындаған бірқатар проблема шешілді, деп жазады inbusiness.kz.

Ақпаратқа сәйкес, елімізден Қытайға экспортқа ресімделген тауармен 62 көлікті кезектен тыс өткізуге старт берілді.

“Атап айтқанда, зығыр және мақсары тұқымдары, бидай кебегі, мақсары майы, қазақстандық өндірушілердің кондитерлік өнімдері және т.б. Сондай-ақ, ҚХР-ға кезектен тыс жүзден астам бос көлік құралын өткізу туралы шешім қабылданды. Олар кейіннен елімізге мемлекеттік маңызы бар инвестициялық жобалар мен міндеттерді іске асыру үшін қажетті жабдықтар мен материалдарды әкеледі”, - делінген хабарламада.

Ақпаратқа сәйкес, көліктердің тізімі "Атамекен" ҰКП өкілдері экспорттаушылар, көлік компаниялары және кеден өкілдерінің (брокерлер) мүддесіне өкілдік ететін кәсіпкерлер қауымдастығымен жүргізілген түсіндіру жұмысының нәтижесінде жасалған.

"Өкінішке қарай, елімізде экспорт көлемі үлкен емес. Сондықтан жүк шекарада көп тұрып қалмауы керек. Оның үстіне салыстыру нәтижесі көптеген тасымалдаушы мен жүргізушілер халықаралық тасымалдарды жүзеге асыруға дайын емес екенін көрсетті. Іс жүзінде біз барлық қажетті құжаты бар 62 жүк көлігін ғана анықтадық. Осы көліктер Қытайға кезектен тыс барады", – деді "Атамекен" ҚР ҰКП басқарма төрағасының орынбасары Тимур Жаркенов.

Оның айтуынша, кейіннен тауарлардың осы санаттары "CarGoRuqsat" электронды кезек жүйесінде тіркеуге сәйкестендіріліп, жақын арада жүйеде оған қажетті слоттар (қойынды) пайда болады.

Электронды кезектің жаңа жүйесінің осы бөлігін пысықтау қажеттілігі "Нұр Жолы" өткізу пункті маңындағы Нұркент қаласында өткен ведомствоаралық жұмыс тобының кәсіпкерлермен өткен кездесуінде талқыланды.

"E-border" ескі электрон кезек жүйесін жаңа "CarGoRuqsat" жүйесіне ауыстырудың салдарынан Қазақстан - Қытай шекарасында көліктер жиналып қалған. Үкімет басшысының тапсырмасы шеңберінде ведомствоаралық жұмыс тобы құрылғаннан кейін Қазақстан тарапынан шекарадағы кезек 4 есе қысқарды”, - делінген хабарламада.  

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу