ҚР ҰҚК баспасөз қызметі өткізілген арнайы операция нәтижесінде қылмыстық топтың 4 мүшесі қылмыс үстінде ұсталып, оларға Қылмыстық кодекстің 283-бабының 2-бөлігі бойынша айып тағылғанын хабарлады.
Ядролық физика институты мамандарының қорытындысы бойынша, алынған уран концентраты қауіпті радиоактивті зат болып табылады. Көрсетілген заттың сәулелену деңгейі рұқсат етілген көрсеткіштен бірнеше есе артық және қоршаған орта мен халық денсаулығына қатерлі қауіп төндіреді.
Тергеу мәліметтері бойынша, радиоактивті затты қылмыскерлер ванадий кен орнын игеретін кәсіпорыннан ұрланған.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу