Каспий итбалығында құс тұмауы анықталды

255

Бұл туралы ресейлік ғалымдар қазақстандық әріптестеріне дабыл қағуда.

Каспий итбалығында құс тұмауы анықталды Фото: 3D News

Арнайы бағдарлама аясында 2023 жылдың сәуір-желтоқсан айлары аралығында маусымдық шоғырлану мен итбалық қоректенетін аймақтарға алты экспедиция өткізілді.

Оның барысында Ресейдің жетекші ғалымдары итбалық популяциясының саны, жас және жыныстық құрылымдары туралы ақпарат жинаған. Зерттеу итбалықтар санының айтарлықтай төмендегенін және көктемде аралдық итбалықтардың толық болмағанын көрсетті. Бұл осы кезеңге тән емес жағдай. Биологтардың пікірінше, теңіз жануарларының күрт азаюына себеп- құс тұмауы болды. Бұл туралы РФ Ұлттық экологиялық бастамаларды қолдау және дамыту қоры хабарлады.

Объективті бағалау және бақылау үшін кіші Меруерт аралының әртүрлі бөліктерінде төрт стационарлық бейнекамера орнатылды. Материалдарға қарағанда тамыздан қазанға дейін аралда тек бір итбалық тіркелген.

Есеп нәтижелері көрсеткендей, қырылған итбалықтардың орташа жасы 7,7 жасты құрайды.  Бұл жас сүтқоректілер, оның ішінде буаз итбалықтардың өлімі жоғары болғанын көрсетеді.
Желтоқсан айында БАҚ-та өлі итбалықтардың өлекселерін шығарған ақпарат пайда болды. Жедел ден қою үшін қор сарапшылары мұнай сервистік компанияларының қолдауымен Каспий жағалауы мен шешен аралына экспедициямен кетті.

"Популяция жағы қиындау, қызыл сызықтан өтіп үлгерді. Оны жақын арада қалпына келтіру екіталай. Ғылыми топтың пікірінше, Каспий итбалықтары өлімінің негізгі нұсқасы  жоғары патогенді құс тұмауын жұқтыруы", - деді биология ғылымдарының кандидаты, ДМУ экология және орнықты даму институтының доценті Алимурад Гаджиев.

Қор итбалықты қалпына келтіру және реинтродукциялау жөніндегі бірінші кезектегі шараларды қабылдауды талап ететін жануарлар дүниесінің сирек кездесетін және құрып кету қаупі төнген объектілерінің тізбесіне енгізу туралы бастама көтерді. Тиісті ұсыныстар Ресейдің табиғат министрлігіне  жіберілді.

Айта кетейік, Қазақстанда Каспий итбалығы Қызыл кітапқа енгізілген. Ағымдағы жылы теңізде популяцияны сақтау мақсатында резерват құрылады. Бұған дейін сарапшылар алып кемелер итбалықтарға қауіп төндіретінін, олардың санына Каспийдегі мұз қабатының да әсер ететінін айтқан еді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу