Ыстанбұлда (Түркия) болған жер сілкіністері кезінде қатты қорқып, жүрек жетіспеушілігі салдарынан Өзбекстан азаматы қайтыс болды, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
"2025 жылғы 23 сәуірде Ыстамбұлда тұратын отандасымыз жүрек жеткіліксіздігінен көз жұмды. Алдын ала мәліметтер бойынша, бұл қайғылы жағдай Стамбұлда болған жер сілкінісі кезінде азаматтың қатты қорқыныш жағдайына түсуінің салдарынан орын алған", – делінген Өзбекстанның Стамбулдағы Бас консулдығының Telegram-арнасында.
Консулдық өкілдері марқұмның туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтып, оның денесін отанына жеткізу үшін барлық қажетті шараларды қабылдап жатқанын хабарлады.
Түркияның Төтенше жағдайлар мен апаттар басқармасының (AFAD) мәліметінше, 23 сәуірде Ыстамбұлдағы Силиври жағалауында қатарынан бес жер сілкінісі тіркелген. Ең күшті сілкініс магнитудасы 6,2-ге жетіп, шамамен он секундқа созылған.
Еске сала кетейік, бүгін Түркияның батысында жер сілкінгені туралы жазған болатынбыз.