Қазақстанның әскери спортшылары Қытайдағы VII жазғы Бүкіл әлемдік әскери ойындарға қатысады, деп хабарлайды ҚР қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.
Еліміздің Қарулы Күштерінің құрама командасын бүгін Алматыда салтанатты түрде шығарып салды.
"Дүниежүзілік әскери ойындар – бұл халықаралық әскери спорт Кеңесі (CISM) аясында әскери қызметші-спортшылар үшін ұйымдастырылған мульти-спорттық жарыс. Бүгінгі таңда Қазақстан жәнеде Қарулы Күштердің намысын қорғайтын 103 адамнан тұратын делегация құрылды", – деп атап өтті шараның қонағы, ҚР Парламенті мәжілісінің депутаты Бақытбек Смағұлов.
ҚР ҚМ Армия ортлық спорт клубының бастығы Айталап Құрғамбаевтің айтуынша аталымыш жарыс, Олимпиядалық ойындардың аналогі және 4 жылда бір рет өткізіледі. Осы жылы ойынға әлемнің 132 мемлекетінен келген 8000 білекті әскери спортшылар спорттың 27 түрі бойынша сынға түседі. Оладың араларында бірінші орынға үмітті Олимпиядалық ойындардың жүлдегерлері мен жеңімпаздары, әлем чемпиондары бар.
Қазақстандық әскери спортышылар спорттың 11 түрі бойынша бақ сынайды. Атап айтқанда: таеквондо, еркін күрес, дзюдо, оқ ату, бокс, грек-римдік күрес, қазіргі бес сайыс, жүзу, спорттық бағдарлау, жеңіл атлетика и пентатлон.
Салтанатты шығарып салу рәсімінің соңында, Қазақстанның туы 2015 жылғы бүкіләлемдік әскери ойындарының және Азия ойындарының жеңімпазы кіші сержант Әділет Дәлімбаевқа берілді.
"Мен әскери спортшылардың атынан Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің басшылығына елдің намысын қорғауға мүмкіндік бергені үшін алғысымды білдіремін. Әрине, Қазақстанның туы барынша жиі көтеріліп, еліміздің әнұранын жиі естігіміз келеді. Жарыстан басымызды тік көтеріп келетіндей, жақсы нәтижеге қол жеткіземізге сенімдімін", – деп атап өтті армия өкілі.