Қазақ-қырғыз шекарасында 300-ден астам жүк көлігі қаңтарылып тұр

1517

Құжаттары реттелмеген жүргізушілер Қордайдағы "Қарасу" кеден бекетіне кірмей, кептеліс тудырған. 

Қазақ-қырғыз шекарасында 300-ден астам жүк көлігі қаңтарылып тұр

Қазақ-қырғыз шекарасында бұрын-соңды болмаған көлік кептелісі тіркелді. Онда 300-ден астам ауыр жүк көлігі елімізге өте алмай, қырғыз жерінде қаңтарылып тұр. Автомашиналар тығынының пайда болуына көрші мемлекеттегі тексеріс салғырттығы себеп көрінеді.

Шекарадағы жағдайға түсінік берген Жамбыл облысы Мемлекеттік кірістер департаментінің басшысы Құлмаханбет Исақовтың айтуынша, айырқалпақты ағайын кептелісті қолдан жасап отыр. Құжаттары сәйкес келмегендіктен, тексеру бекетінен өтпей тұр екен. Тіпті, ауыр жүк көліктері кері қайтарылуда. Ал, құжаттары реттелмеген жүргізушілер Қордайдағы "Қарасу" кеден бекетіне кірмей, кептеліс тудырған. Олардың басым бөлігі  Қытайдан халық тұтынатын тауарларды тиеп алғанымен, декларацияда басқа тауар түрлерін белгілеген.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу