Бұл туралы Алматы қаласы Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
"14 тамызда сағат 21:33-те күзетшіден Әл-фараби даңғылы 176-үй мекенжайында өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түсті. Алматы қаласы ТЖД күштері мен құралдары оқиға орнында. Олар жоғары дәрежедегі шақыртумен жұмыс істеуде. Қосымша ақпараттар анықталуда", - деген департаменттің баспасөз қызметі өрттің әйгілі Қазақфильм киностудиясынан шыққанын растады.
"Қазақфильм аумағында өрттің екі ошағы бар. Бөлек тұрған заттар мен екі қабатты ағаш ғимарат отқа оранған. Оның мағындағы нысандарға таралу қаупі жоқ. Зардап шеккендер туралы ақпарат түспеді", - деді ТЖД-де.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу