"Kazakhmys Нolding": өндірістік қуатты арттыру үшін кәсіпорындарды модернизациялау қажет

389

Компания өз алдына түсті металл өндіретін елдер арасында кен-термиялық пешті қолдандан көш бастауды мақсат етуде

"Kazakhmys Нolding": өндірістік қуатты арттыру үшін кәсіпорындарды модернизациялау қажет Фото: gov.kz

Қазақмыс холдингі Астанада өтіп жатқан "Иннопром. Қазақстан халықаралық көрмесіне қатысуда. Металлургиядағы инновацияларға арналған шараға холдингтің 4 еншілес компаниясы шақыртылған. Еліміздегі алпауыт өндіріс орындарына қандай жаңашылдықтар қажет? 

Қазақмыс компаниясы өз алдына түсті металл өндіретін елдер арасында кен-термиялық пешті қолдандан көш бастауды мақсат етуде. Ол үшін жаңа мыс балқыту технологиясы пайдаланылмақ. Мұнда шикізаттың мол қоры мен кенді одан әрі өңдеуге мүмкіндіктің мол болуы компанияның басты артықшылығы саналады.

"Біз қазір осы алаңды пайдаланып мысты одан әрі өңдеу бойынша көптеген келіссөздер жүргіздік. Қазір мыс ең танымал маталл саналады. Әрбір электромобильге кем дегенде 80 келі мыс қажет. Сондықтан оның бағасы да күн санап өсе бермек. Бұл сала дамыған сайын біздің металлға сұраныс та артады", - дейді "Kazakhmys Smelting" ЖШС бас директоры Жанібек Байгабелов.

Компания жеке өндірістен бөлек бірлескен жобаларды да тәжіибеге енгізуде. Мұнда шетелдік серіктестер үшін жайлы жағдай жасау арқылы өндірістерді Қазақстанға локализациялауға болады дейді мамандар.

Отандық компания кен өндіру мен металлургия өнімдерін сатудан басқа жеке "жасыл" электр энергиясын шығарумен айналасады. Бұл бастама күн электрстансасы мен гидростансаларды салу мен жобалауға қатысты. 

"Біз қазір Шығыс Қазақстан облысында ірі су электр стансасы құрылысын зерттеп жатырмыз. Күршім өзенінде бұл жобаның болашағы зордеп айтуға болады", - дейді "KAZ GREEN ENERGY" ЖШС бас директоры Валерий Сибагатулин.   

"Иннопром. Казақстан" халықаралық өндірістік көрмесі бір алаңға 700 дей кәсіпорындарды топтастырды. Онда әртүрлі елдердің машина және кеме жасау, химия, авиация, металлургия және тоқыма өнеркәсібінің мамандары шақыртылған. Ауқымды шараға келген Қазақстан, Ресей, Беларусь және Қырғыз Республикаларының өкілдері саланың басты проблемалары мен болашағын жан-жақты талқылады. 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу