Қазақша үйренуге серт берген қазақ әкім

1389

Қазыбек би ауданы әкімі халық алдында алғаш рет есеп беруін уәде берумен бастады.  

Қазақша үйренуге серт берген қазақ әкім

Бүгінде барлық өңірлерде халыққа қызмет етіп жүрген әкімдердің есеп беруі өтіп жатыр. Қарағанды қаласының Қазыбек би ауданы әкімі Нұрлан Рыстиннің есеп беруі халыққа уәде беруінен  басталды. Айта кету керек, бірнеше жыл бойы Қарағанды облысының ішкі саясат басқармасын басқарған Нұрлан Рыстиннің Қазыбек би ауданы әкімі лауазымына тағайындалғанына бір ай ғана болған. Қарағанды жұртшылығының басым бөлігі Нұрлан Рыстиннің мемлекеттік тілді білмейтінінен хабардар. Дегенмен әкімнің есеп беруі кезінде қала тұрғының бірі "Сіз отбасыңызбен және жұмыста қарамағыңыздағы мамандармен қазақша сөйлесесіз бе?" деп сұрады.

Қазыбек би ауданының "су жаңа" әкімі бұл сауалға орыс тілінде жауап берді.

"Мен қазіргі уақытта күнде қазақ тілінен аптасына алты рет сабақ оқып жүрмін. Шілде айында мен сізбен жеке кездесіп немесе телеарна арқылы тек қана мемлекеттік тілде сөйлесе аламын, мұны мен сенімді түрде айтамын", – деп уәде берді Нұрлан Рыстин.

Әкімнің есеп беруіне келген қала халқы күрелмей жатқан қар, жанбай қалатын көше шамдары, қауіпсіздікті сақтамай жүретін қоғамдық көліктер төңірегінде қордаланған мәселелерді айтты. Нұрлан Рыстин елу шақты сауалдарға жауап беріп, алдағы  жоспарларымен бөлісті.

Арайлым Еркебаева

 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу