Қазақстан әлемдік транзиттен шеттетілуі мүмкін

739

Қытайдың "Белдеу - жол бастамасына" бәсекелес болатын жаңа дәліз құрылмақ. 

Қазақстан әлемдік транзиттен шеттетілуі мүмкін

Бұл туралы G20 саммитінде белгілі болды. Жиырмалық жиынында тағы қандай шешім қабылданды?

G20 саммитіның басты жаңалығы - жаңа экономикалық коридордың құрылуы. Бұл туралы АҚШ үкіметі мәлімдеді. Ол Үндістан-Таяу Шығыс-Еуропаны байланыстыратын дәліз болмақ. Ақ үй сайтында жарияланған ақпаратқа сәйкес, бұл келісім Сауд Арабиясы, Еуроодақ, Үндістан, Франция, Германия, Италия және АҚШ арасында бекітіледі. Оған сәйкес, Азия, Парсы шығанағы және Еуропа арасында жаңа теңіз және автомобиль бағыттары жасақталмақ. Коридорға қосылатын елдер логистикалық шығындар азайып, экономикалық тиімділік артады, сәйкесінше, сауда байланысы нығаяды деп күтіп отыр. Ол Қытайдың "Белдеу жол" жобасын ығыстыруы мүмкін. Қазірдің өзінде Қазақстан қатысатын бұл жобадан Италия шығатыны мәлімдеді.

"Бұл тарихи оқиға. Бұл Үндістан, Парсы шығанағы мен еуропаны байланыстыратын ең төте жол болмақ. Темір жолдың арқасында Үндістан мен Еуропа арасындағы тауар тасымалы 40 пайыз жылдамдайды", дейді Еуропалық комиссия Президенті Урсула фон дер Ляйен.

Саммиттегі тағы бір маңызды шешім Африка одағының жиырмалыққа кіруі болды. Енді бұл елдер Еуроодақпен тең құқылы атанды. Бұған дейін африкалықтар "арнайы шақырылған халықаралық ұйым" болатын. Үлкен жиырмалық Ресей мен Украина тақырыбынан қашқақтады. Тек ядролық қару қолданбау, бидай келімісін жаңғыртып, жаһандық азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, бүкіләлемдік сауда ұйымын қайта құрылымдап, экспортқа тыйым салмауға уағдаласты.

"Шын мәнінде G20 саяси тақырып талқылайтын жер емес. Бұл дағдарыс кезінде шешім іздейтін орын. Қазір бұл туралы барлық мінберден айтылып болды. Үлкен жиырмалық әділ және тұрақты әлемді қолдайтынын нақты жеткізді. Ал Ресей оқ атуды тоқтатар емес. Яғни, бейбітшілік пен тұрақтылыққа қарсы деген сөз. Біз G20 өкілдері Біріккен ұлттар ұйымының жарғысын қолдайтынымызды мәлімдейміз", дейді Франция Президенті Эмманюэль Макрон.

Айтқандай, өткен аптада Үндістан тарихи атауын қайтарып, елдің атауын ауыстыратынын жариялаған болатын. Саммитте мемлекет басшысы Нарендра Модидің алдындағы тақтайшаға "Бхарат" атауы жазылды.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу