Қазақстан банктерінде рубль көп: қайтпек керек?

400

Қазақстанда шетелдік валюта қаптады.

Қазақстан банктерінде рубль көп: қайтпек керек? Фото: Inbusiness.kz

Елдегі екінші деңгейлік банктерде Ресейдің 5 млрд рублі жатыр. Қолма-қол ақшалардың арасында айыр қалпақты ағайындардан қалған ақша да аз емес. Бұл туралы Ұлттық банк тілшілерімізге берген ресми жауабында мәлімдеді, деп хабарлайды Inbusiness.kz сайты.

Бұлай жалғаса берсе, онсыз да Ресей валютасына тәуелді теңгеміз рубльдің көлеңкесінде қалып, құнсыздануына әкелуі мүмкін. Отандық экономистер осылай қауіп қылады. Ал мұндай болжамның болмауы үшін қайтпек керек?

Елдегі екінші деңгейлі банктерде жиналған шетелдік валюталарды конвертациялап, депозитке салу арқылы арзан несие беруге мүмкіндік берілсе, пайдасы көп. Әлемдік тәжірибеге сүйенген мамандардың рубль мен сомды пайдаға жарату туралы ойы осындай. Одан қалды кәсіпорындарға инвестиция ретінде қарастыру керек, дейді. Дегенмен, бұл қаржының салдары тиюі де бек мүмкін. Ұлттық валютаға теріс әсер етіп, инфляциялық толқынның туындауынан сақтану керек.

"Өйткені сол мемлекеттің азаматтары өздерінің валюталарына, соған қаншама біздің елдің тауарлары мен қызмет көрсетулерін алып кетуі мүмкін. Екіншіден, біздің әлі де долларға қатысты ұлттық валютаның құнының әлсіреуіне кері әсерін тигізуі мүмкін. Яғни олар көп мөлшерде долларды сатып алу арқылы спикулятивті жағдайды қалыптасырып, біздің қазақстандықтардың доллар сатып алуға деген мүмкіндігін шектеуге өзінің әсерін тигізеді", - дейді экономист Бауыржан Ысқақ.

Қазақстан банктерінде рубльдің көбеюі Ресейге салынған санкция салдарынан екені айтпаса да түсінікті. Кремль батысқа жөнелте алмаған тауарын Орта Азия елдеріне таратуға мәжбүр. Ал қырғыз сомының артуы көрші елден бізге жұмысшылардың көптеп келіп жатқанының әсері деп топшылайды.  

"Біздің экномикамызға оның зияны келеді деп айта алмаймын. Өйткені біз тек қана Ресеймен емес, басқа да мемлекеттермен қарым-қатынас жүргізіп отырмыз. Бұны ешқандай пайдаға жарата алмайды. Өйткені екінші деңгейдегі банктер сол елдермен экномикалық қарым-қатынастары өздерінің әріптестерімен айырбастауға ғана мүмкіндігі бар. Басқа да мүмкіндігі жоқ", - дейді экономист Исатай Қамбаров.

Ал экономистердің алдағы уақытқа болжауынша, бұл валюталар азаймаса көбеймейді. Себебі, 2 елге де өз ақшасын өзге елде көбейте беру тым тиімсіз.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу