Қазақстан бидай өндірісінен шығын шегуі мүмкін

929

БҰҰ даму бағдарламасы аясында 2050 жылға дейін Қазақстанның азық-түлік қауіпсіздігіне болжам жасалды. Құжатта климаттың өзгеруіне байланысты 2030 жылға қарай біздің ел бидай өндірісінен экономикалық шығын шегуі мүмкін екені жазылды. 

Қазақстан бидай өндірісінен шығын шегуі мүмкін

"Есептеулер көрсеткендей, 2030 жылға қарай күтілетін климат жағдайында жаздық бидайдың шығымдылығы Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында орта  есеппен 63-87% құрайды. Ал 2050 жылға қарай 51-80% шамасында болады. Бұл бидай өнімділігі 2030 жылға қарай 13-37%-ға төмендейді деген сөз. Қазақстан бидай өндірісі бойынша әлемде 9-шы, экспорты бойынша 7-орында тұрғанын және Орталық Азиядағы жалғыз экспорттаушы ел екенін ескерсек, климаттың өзгеруіне бейімделу шараларының болмауы бүкіл өңірдің азық-түлік қауіпсіздігіне қатер төндіреді. Бидай өнімділігінің азаюына 2050 жылға дейін вегетациялық кезеңнің ылғалмен қамтамасыз етілуінің 8-17%-ға төмендеуі, жылу ресурстарының 12-16%-ға артуы, гидротермиялық коэффициент мәнінің 7-15%-ға қысқаруы, құрғақшылық пен аңызақ желдің күшейуі, қолданыстағы агротехниканың ескіруі, өнім өндірудің, сақтаудың озық технологиясының болмауы, шаруа қожалықтарының дара дақылды егістерді қолдануы негізгі себеп болады", – деп нақтыланды БҰҰ даму бағдарламасында.

Қанат Махамбет 

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу