Қазақстан білім жағынан 70-орында тұр

1510

Ал бала тәрбиелеуде тізімнің ең соңында.

Қазақстан білім жағынан 70-орында тұр

Қазақстан білім беру саласы рейтингінде 73 елдің арасында 70-ші, ал бала тәрбиелеуде соңғы орында тұр, деп хабарлайды ranking.kz.

Елімізде мектепке дейінгі білім беру саласында 2019 жылдың 3-тоқсанында көрсетілген қызметтер көлемі 92,6 млрд теңгені құрады, ал бір жыл бұрын 72,5 млрд теңге болған еді.

Бұл қызметтердің 79,9%-ы (74 млрд теңге) бюджет есебінен, тағы 19,7%-ы (18,23 млрд теңге) – ата-аналар мен қамқоршылар есебінен және тек 0,4%-ы ғана (353,4 млн теңге) кәсіпорындар есебінен көрсетілді.

Өңірлік бөліністе білім берудегі барлық қызметтердің жартысына жуығы бес аймаққа тиесілі.

Негізінен бұл бестікке халық тығыз қоныстанған оңтүстік өңірлер кірді. Түркістан облысы (11,8 млрд теңге, бір жыл бұрын 10 млрд теңге), Алматы облысы (7,9 млрд теңге, бір жыл бұрын 5,3 млрд теңге) және Жамбыл облысы (7,7 млрд теңге, бір жыл бұрын 5,7 млрд теңге). Сонымен қатар екі ірі мегаполис – Алматы (9,6 млрд теңге, 2018 жылдың III тоқсанындағы 8 млрд теңге болған) және Нұр-Сұлтан (7,5 млрд теңге, бір жыл бұрын 5,8 млрд теңге еді).

Usnews.com порталының мәліметінше, Қазақстанның білім беру саласы және бала тәрбиесіне қатысты көрсеткіштері көңіл көншітпейді.

Бала тәрбиелеудегі ең жақсы елдер рейтингінде еліміз соңғы 73-орынды иеленді. Рейтингтегі алғашқы бес ел – Дания, Швеция, Норвегия, Канада және Нидерланды. Рейтинг жаһандық сауалнамаға негізделген, елдерді негізгі сегіз санат бойынша саралайды:

• адам құқығын қастерлеу;

• отбасын құрметтеу;

• гендерлік теңдік;

• жалпы бақытты болу сезімі;

• әділ әрі тең табыс алу мүмкіндігі;

• қауіпсіздік сезімі;

• өркендеген мемлекеттік білім беру;

• денсаулық сақтаудың озық жүйесі.

Білім беру саласындағы үздік елдер рейтингінде жағдай сәл ғана жақсырақ: Қазақстан 73 ел арасында 70-орынды иеленіп, Ливан (69-орын) мен Мьянма (71-орын) елдерінің арасына жайғасқан. Мұндағы алғашқы бестік: АҚШ, Ұлыбритания, Канада, Германия, Франция.

Рейтинг жаһандық сауалнама негізінде құрылады және мынадай негізгі үш параметр бойынша ұпайлар ескеріледі:

• жақсы дамыған мелекеттік білім беру жүйесінің болуы;

• ел тұрғындарының жоғары білім алу тұрғысындағы жоспары;

• мемлекет жоғары сапалы біліммен қамтамасыз ететініне сенімнің болуы.

Сонымен қатар, Қазақстандағы 18 ірі қаланың 8-інде мектепке дейінгі мекемелерге бару бағасы көтерілді. Тағы 7 қалада сектордағы қызметтердің құны бір жыл ішінде өзгерген жоқ, ал екеуінде айтарлықтай төмендеді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу