Қазақстан былтыр қай елдерге уран экспорттады

1827

Уран эскпортының көлемі бір жыл ішінде 18,8%-ға, ал ақшалай түрде 17%-ға құлдыраған.

Қазақстан былтыр қай елдерге уран экспорттады

2018 жылдың үшінші тоқсанында Қазақстан 14,2 мың тонна уран экспорттаған. Бұдан "Қазатомөнеркәсіптің" ұлттық компаниясы 699,1 миллион доллар табыс тапты, деп хабарлайды abctv.kz.

Дегенмен, 2017 жылдың ұқсас мерзімімен салыстырғанда, уран эскпортының көлемі бір жыл ішінде 18,8%-ға, ал ақшалай түрде 17%-ға құлдыраған.

Қазақстандық осы шикізаттың ең көп бөлігі – жартысынан астамы немесе 57%-ы Қытайға жөнелтіледі. Өткен жылы шың елі 8 мың тоннасын 422,6 миллион долларға сатып алды. Сөйтіп, 2017 жылмен салыстырғанда, елімізден таситын уранды бірден 31,7 пайызға азайтып тастады.

Екінші орында Канада тұр, оның еншісіне 18,2% тиесілі: 2 мың 574,4 тоннасын 108,2 миллион долларға сатып алды. Рас, алдыңғы жылы 1 мың 540,8 тоннаны небары 56 миллион 369,3 мың долларға алған. Осылайша, Атлант мұхитының ар жағындағы осы елге жеткізілім тоннаға шаққанда – 67,1 пайызға, ал ақшалай көлемде 91,9 пайызға ұлғайды. 

"Үштікті" Ресей тұйықтайды. Солтүстік көрші отандық уранның 2 мың 353 тоннасын тұтынған, бірақ ол үшін канадалықтарға қарағанда сәл көбірек, 113,6 миллион доллар төледі. Оның үлесі 16,6% ғана. Оның үстіне сатып алатын көлемін тоннада 8,8 пайызға, ал ақшалай көлемде 3,7 пайызға азайтқан.

Әлемдегі қалған елдерге Қазақстаннан 11 мың 800 тонна уран жөнелтіледі.

Осы орайда еліміз Аустрия нарығын жоғалта бастағанға ұқсайды: бұл еуропалық ел былтыр 1,6 мың долларға уран сатып алса, биыл бұл көрсеткіш 93,8 пайызға немесе 0,1 мың долларға дейін құлдырап, жоққа теңескен.

АҚШ та Қазақстаннан уран жеткізу көлемін 1 мың 238,1 тоннадан 385,4 тоннаға дейін, яғни бірден 68,9 пайызға азайтты.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу