banner

Қазақстан елшісі Қырғызстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

1097

Қайрат Нұрпейісов жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіре отырып, Қазақстандағы жаңғыру бағдарламалары шеңберінде болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы ақпарат берді.

 Қазақстан елшісі Қырғызстан Президентіне сенім грамоталарын тапсырды

Қазақстанның елшісі Қайрат Нұрпейісов Қырғыз Республикасының Президенті Сооронбай Жээнбековке сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Рәсім барысында Қырғызстан Президенті елшіні дипломатиялық қызметінің басталуымен құттықтай отырып, аталған мәртебе елдеріміз арасындағы бауырластық, тату көршілік және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытуға ықпал ететініне сенім білдірді.

Тараптар екі ел арасындағы саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты достық байланыстарды одан әрі нығайту қажеттігін атап өтті, сондай-ақ алда болатын жоғары деңгейдегі сапарға дайындық мәселелерін талқылады.

Өз кезегінде Қ.Нұрпейісов жылы қабылдағаны үшін алғыс білдіре отырып, Қазақстандағы жаңғыру бағдарламалары шеңберінде болып жатқан экономикалық және саяси өзгерістер туралы ақпарат берді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу