Қазақстан елшісі Тәжікстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

1018

Эмомали Рахмон жаңа елшіге қазақ-тәжік ынтымақтастығын нығайту бағытында сәтті және жемісті жұмыс тіледі.

Қазақстан елшісі Тәжікстан Президентіне сенім грамоталарын табыстады

Душанбеде Қазақстанның елшісі Асқар Тәжібаев Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонға сенім грамоталарын тапсырды, деп хабарлайды СІМ баспасөз қызметі.

Рәсім барысында Эмомали Рахмон қазақстандық-тәжік қатынастарының жоғары деңгейін атап өтіп, екі ел арасындағы өзара тиімді, дәстүрлі достық өзара іс-қимылды одан әрі дамытуға дайын екендігін білдірді. Сондай-ақ, Тәжікстан президенті Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевқа және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ізгі тілектерін жеткізіп, жаңа елшіге қазақстандық-тәжік ынтымақтастығын нығайту бағытында сәтті және жемісті жұмыс тіледі.

Өз кезегінде Асқар Тәжібаев Тәжікстан Президентін екі ел басшыларының мемлекеттер арасындағы ежелгі бауырластық пен достық қатынастарын нығайту және кеңейту жөніндегі міндеттерін орындауда елшілік барлық күш-жігерін жұмсайтындығына сендірді.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу