"Қазақстан Инжиниринг" ҰҚ" АҚ Басқармасына жаңа төраға тағайындалды

1007

Директорлар кеңесінің 2021 жылғы 8 сәуірдегі шешімі негізінде "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасы лауазымына Керейбаев Мұхтар Жұмағазыұлы тағайындалды, деп хабарлайды inbusiness.kz компанияның баспасөз қызметі.

"Қазақстан Инжиниринг" ҰҚ" АҚ Басқармасына жаңа төраға тағайындалды

Керейбаев Мұхтар Жұмағазыұлы 1964 жылы 6 қазанда Семей облысында дүниеге келген. Алматы инженер және теміржол көлігі институтын инженер-механик мамандығы бойынша, Қазақ гуманитарлық заң академиясын құқықтану мамандығы бойынша бітірген.

1986-1991 жылдары Семей локомотив депосында ауысым шебері және өндіріс бастығы болып жұмыс істеді.

2000-2007 жылдары "Резерв" РМК-да жұмыс істеді: Семей филиалында менеджер және басқарушы, "Балқаш" филиалының директоры, Астана қаласы бойынша "Резерв" РМК бас директорының бірінші орынбасары және бас директоры лауазымдарын атқарды.

2010-2015 жылдары "Тыныс" АҚ зауытының бас директоры қызметін атқарды, ол қос мақсаттағы өнім өндірумен және азаматтық өндіріспен айналысады.

2015-2017 жылдары Астана қаласы әкімдігінің бірқатар ведомстволық бағынысты ұйымдарын басқарды.

2020 жылдан бастап "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ-да басқарма мүшесі, басқарма төрағасының орынбасары лауазымында жұмыс істейді.

2021 жылғы наурыздан бастап "Қазақстан Инжиниринг" ҰК" АҚ Басқарма төрағасының міндетін атқарушы болды.

Керейбаев Мұхтар Жұмағазыұлы құрметті машина жасаушы атағына ие, сондай-ақ ҚР "Құрмет" орденінің иегері.

Telegram
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу
Telegram арнамызға жазылыңыз! Жаңалықтар туралы бірінші біліңіз
Жазылу