Тәттілердің заттай жеткізілімі бірден 10 пайызға, ал оның құны 4 пайызға төмендеген., деп хабарлайды LS.
Елімізге аталған өнімді жеткізуде Ресей мен Украина алда тұр. Ресейден $28,2 млн-ға 13,5 мың тонна экспортталса, Украинадан $11,3 млн-ға 7,1 мың тонна сатып алыныпты.
Тәттінің бұл түрлерінің 1,8 мың тоннасы – Түркиядан, 1,1 мың тоннасы – Өзбекстаннан, 599,2 тоннасы – Германиядан, 481,6 тоннасы – Қытайдан, 444,8 тоннасы Қырғызстаннан жеткізілген.
Қазақстанға кәмпит экспорттағандар қатарында Испания, АҚШ, Латвия, Үндістан, Франция және т.б елдер де бар, дегенмен олардың үлесі айтарлықтай көп емес.
БІЗДІҢ ТЕЛЕГРАМ АРНАМЫЗҒА ҚОСЫЛЫҢЫЗ
Ең соңғы жаңалықтар осында
Жазылу